"Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК-да әкімшілік құрамы және колледж студенттері 18-наурыз-Ұлттық киім күні-қазақтың ұлттық киімдерін ұлықтауға арнап,үстеріне ұлттық стильдегі әр түрлі киімдер киді. Атап айтсақ: барқыт камзолдар, шапандар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер, ұлттық бас киімдер, ұлттық ою-өрнекті білезіктер мен сырғалар тағып, жас ұрпақтың ұлттық әшекейлерге қызығушылығы артып, өз тарихымыз бен әлі күнге дейін әлемдік деңгейдегі киім тігу шеберлеріне шабыт беретін керемет нәрселер жасаған бабаларымызға құрмет көрсетуге шақырды. Мақсаты: Ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені студенттер бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.