Бүгін «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде жұмысшы мамандықтар жылы аясында мастер класс өтті. Өндірістік оқыту шеберлері Серикова М.Т. және Сыздық С.Б. 1-курс студенттеріне арналған «Муссовая гармония» атты тақырыпта мастер-класс ұйымдастырды.
Мастер класс барысында болашақ кондитер-оформительдер екі түрлі салмасы бар муссты десерт дайындау технологиясымен танысып, практикалық дағдыларын жетілдірді.
Студенттерге мусстың құрылымы, үйлесімді дәмдері және эстетикалық безендіру жолдары көрсетілді.
Мұндай мастер класстар – білім мен шабыттың тоғысуы ғана емес, болашақ кәсіби жетістіктердің іргетасы.
Шебер ұстаздарға алғыс білдіре отырып, студенттерімізге шабыт пен сәттілік тілейміз!









