Бүгін "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде Н32-25қ топ студенттерімен «Тригонометриялық функциялардың туындылары» тақырыбында мазмұны терең, әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылған ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында студенттер туындының негізгі қасиеттерін практикада қолдана отырып, тригонометриялық функциялардың ерекшеліктерін терең меңгерді. Әдістемелік құрылымы жүйелі, оқу материалы түсінікті әрі қызықты форматта ұсынылды.
Сабақты өткізген әріптесіміз Жұлдызай Базарбековнаға кәсіби шеберлігі, тиімді әдіс-тәсілдері және студенттердің қызығушылығын арттыра білгені үшін үлкен алғыс білдіреміз. Осындай игі тәжірибелер білім сапасын арттыруға зор үлес қосатыны анық!

#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения