"№140 жалпы орта білім беретін мектебінде" кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді
Бүгін Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің мамандары Шымкент қаласындағы "№140 жалпы орта білім беретін мектебінде" кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға колледж мамандықтарын таныстырылып, дәмді тағам үлгілері көрсетілді.
Мақсат – болашақ түлектерге дұрыс кәсіби бағыт-бағдар беру, олардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сай мамандық таңдауға қолдау көрсету.
Кәсіп таңдауда қателеспей, болашақ мамандығын бүгін анықтағысы келетін барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!