26.11.2025ж.Физика пәнінен К14-25қ топ студенттерімен Гулнур Сәрсеновнаның «Металдардағы электр тогы. Асқын өткізгіштік» тақырыбында өткізген ашық сабағы жоғары деңгейде өтті. Оқытушы интербелсенді әдістер мен цифрлық ресурстарды ұтымды қолданып, білімалушылардың қызығушылығын арттыра алды. Сабақ құрылымы жүйелі, мазмұны түсінікті болды. Гулнур Сәрсеновнаның кәсіби шеберлігі, сабақ жүргізудегі әдістемелік сауаттылығы мен оқушыға деген қолдауы ерекше байқалды.
Ашық сабақ талқылаудан өтіп, қатысушылар тарапынан оң пікірлер айтылды.