26.11.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде Антикор ардагері - Куандыков Ерлан Жунисбаевич, Әл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры - Алимбеков Асқар Тұрдымұратұлының қатысуымен “Сыбайлас жемқорлықпен күрес - баршамызға ортақ іс” және "Тәртіпті өзіңнен баста!" тақырыптарында колледж студенттерімен құқықтық кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған, өмірге қауіп төндірудің алдын алу шараларына бағытталған және жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға арналған студенттерге және жастарға арналған деректі фильмдер мен бейнероликтер студенттер назарына көрсетілді. Аталған бейнематериалдар жастар арасында кеңінен таралып отырған келесі әлеуметтік проблемалардың алдын алуға бағытталған: нашақорлыққа қарсы іс-қимыл, алкогольді ішімдіктерді тұтынудың зиянды әсерін түсіндіру, құмар ойындарға (лудоманияға) тәуелділіктің алдын алу, заңсыз қаржылық әрекеттерге, соның ішінде «дропперлікке» қарсы күрес, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, жалпы құқықтық мәдениетті арттыру және жауапкершілікті мінез-құлықты қалыптастыру бағытында дайындалған. Іс-шара барысында студенттер заң талаптары, жеке жауапкершілік, өз әрекеттерінің салдары туралы маңызды мәліметтер алып, қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға әр азаматтың үлесі туралы ой қорыта алды.