Аталған іс-шараның басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу, ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, өлеңдерін мәнерлеп оқып оқырман назарына ұсыну. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бұл шарада оның өлеңдері оқылып, өмірінің кейбір сәттерінен сыр шертілді. Сонымен қоса, шара барысында студенттер Мұқағали өлеңдерін оқып берді.