Кәсіптік бағдар беру – бұл қоғамдағы тенденцияларды және қажеттіліктерін ескеріп, мектеп оқушылары мен жастарға мамандық таңдауда көмектесу. Елімізде оқушылар мен өз саласын іздеп жүрген жастарға кәсіби бағдар беру бағытындағы жұмыстар көптен бері қалыптасқан. Бұл жұмыс педагогтарға көмекші құрал болады, осыған қарамастан кәсіби бағдар беру іс-шарасы арқылы ТжКБ жүйесінің серпінді дамуы және мектеп білім алушысының өзін-өзі кәсібі айқындауы, халықты ақпараттандыру өзекті мәселесі болып келеді. Қазақстан Республикасының білім саласының, техникалық кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдасына сәйкес, бізде кәсіби бағдар беру жұмысы жүйелі жолға қойылған. Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде мектеп оқушыларына кәсібін таңдауда кеңес беріп, мамандық таңдау жұмысы ұйымдастырылған, оған педагогтар ұжымы кеңінен тартылып, өз үлесін қосуда.