08.09.2023ж.«Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК –да 1 курс студенттерінің ата – аналарына жиналыс өткізілді. Жиналысты колледж директоры М.Джаксыкулова алғы сөзімен ашып, 2023-2024 оқу жылында алға қойған мақсаттары мен міндеттерін кеңінен баяндады. Жиналысқа Әл- Фараби АПБ- нің ювеналды полиция майоры Тоғаев Талғат Бақытжанұлы қатысып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын – алу шаралары бойынша тәрбиедегі қиындықты туғызатын бірқатар себептерді мысал ретінде келтіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті. Директордың ТІЖ орынбасары М. Омарова оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының мақсаты, оқыту процесі кезіндегі колледждің ішкі тәртіп ережесі, сондай-ақ студенттердің жаңа өмір жағдайына бейімделуіне байланысты колледждің педагог-психологі К.Абылкасымова психологиялық кеңес беріп өтті. Сонымен қатар, ата-аналарға қажетті мәліметтер беріліп, ата-аналарды толғандыратын көптеген сұрақтар аясында пікір алысты.