08.09.2023ж. «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да Құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмаған студенттердің арасында есірткі заттарды қолдану, тарату, қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында Директордың ТІЖ орынбасары М.Омарова және Шымкент КПД Әл- Фараби АПБ нің полиция майоры Тоғаев Талғат Бақытжанұлының қатысуымен «Құқық бұзушылық,қылмыс және жасөспірім» тақырыбында кездесу өтті. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастыру, жастарды қылмысқа жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажеттілігі басты назарға алынды.