1- қыркүйек Білім күні мерекесіне орай «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі»МКҚК-да жаңа 2023 - 2024 оқу жылына арналған «Әділетті Қазақстан:Сапалы білім,адал ұрпақ,табысты ұлт» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды колледж директоры М.Джаксыкулова ашып, іс - шара мазмұнының маңыздылығына тоқталып, қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Салтанатты іс - шарада студенттер өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл - күй сыйлады. Білім күні құтты болсын!