Шымкент қаласы «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК 10.11.2021ж Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Адал – жас ұрпақ» атты қалалық патриоттық әндер, эссе, әңгіме және мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды. Байқауда «Патриоттық әндер» номинациясы бойынша ІІІ-орынды біздің колледждің студенті М.Келдібай иеленді. Басты мақсат - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету, әдебиет пен шығармашылық арқылы парасаттылық идеологиясын дәріптеу болып табылады.