Новости
16.10.2023ж. «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай аудандық филиалы,Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Хамитбекова Бибіфатима Сұлтанбекқызы және Жастар ресурстық орталығының маманы Төребек Әселдің қатысуымен «Отбасы құндылықтары» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс шара мақсаты: Жастар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу , студенттерге отбасы құндылықтары, салт-дәстүрлердің маңыздылығы, сыйластық жайлы дәріс оқылды. Жастар тарапынан аға ұрпаққа сауалдар қойылып, тың жауаптар алынды.


11.10.2023ж.«Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК да Мәдениет және ақпараттандыру министірлігінің қолдауымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша» атаулы әлеуметтік жобаның шеңберінде кездесу өтті. Кездесуге «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттык қозгалысы» Республикалык қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Талғат Нурдәулет Ибадуллаұлы, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ ШҚФ мүшесі, Техника ғылымдарының докторы Иманқұлов Нұрбакыт Насырұлы, ҚР Қарулы күштері ардагерлер қоғамдык бірлестігінің төрағасы,полковник Онбаев Серікбай Мейірбайулы және Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының ювеналды топ полиция инспекторы,майор Тогаев Талғат қатысты.


"ОТАН ТАРИХЫ ӘДЕБИЕТТЕРДЕ"
03.10.2023ж."Оқуға құштар колледж" жобасы аясында Абай кітапханасымен бірлесіп МКҚК "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" студенттері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған "Отан тарихы әдебиеттерде" іс – шарасына белсене қатысты. Темірбек Жүргенов – ұлттың болашағын ойлап, тіліміз бен діліміздің, салт-дәстүріміздің, мәдени құндылықтарымыздың ұлықталуына айрықша іңкәрлікпен атсалысқан бірегей тұлға. Темірбек Жүргенов есімі қазақ халқына ғана емес, Орта Азия халықтарына ортақ тұлға.
Мақсаты-қазақ тарихынан сыр шертетін кітаптарды оқуға тарту, патриот-азаматтың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, Отанға және өз өлкесіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
"ИСТОРИЯ РОДИНЫ В ЛИТЕРАТУРЕ"
03.10.2023г. В рамках проекта «Читающий колледж» совместно с библиотекой им.Абая студенты ГККП «Колледжа индустрии питания и сервиса» приняли активное участие в мероприяти "История Родины в литературе", посвященное 125 – летию Темирбека Жургенова. Темирбек Жургенов - уникальный человек, который заботился о будущем нации и внес особый вклад в популяризацию нашего языка и менталитета, традиций, культурных ценностей. Имя Темирбека Жургенова является общим не только для казахского народа, но и для народов Средней Азии.
Цель-привлечение к чтению книг казахской истории, формирование активной жизненной позиции гражданина-патриота, воспитание любви к Родине и своему краю.


Қамқоршылық кеңес отырысы.
Шымкент қаласы білім басқармасының «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-ның комплаенс офицері М. Омарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарына сәйкес «Қамқоршылық кеңес» алдында есебін берді.
Осыған орай, 2023 жылдың 1-қыркүйек күні колледждегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Прокуратура Шымкент
Шымкент Қаласының Полиция Департаменті
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#қалапрокуроры
#қосымшабілімберуорталығы
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#антикор


14.09.2023ж. Халықаралық Отбасы күні аясында "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК кітапханасының оқу залында «Ұлағатты отбасы - ұлт құндылығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандарға отбасылық оқуға арналған көркем әдебиет және бос уақытты бірге өткізуге арналған кітаптар, отбасы мәселелері бойынша кітаптар топтамасы және оның бала тәрбиесіндегі рөлі ұсынылған.
Іс-шараның мақсаты: Білімділік «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету. Ата-ана және бала қарым – қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасының тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту; Ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау
14 сентября 2023г. в рамках Международного дня семьи в читальном зале библиотеки «Колледжа индустрии питания и сервиса» была организована книжная выставка «Ұлағатты отбасы - ұлт құндылығы». Читателям представлена художественная литература для семейного чтения и книги для совместного проведения досуга, подборка книг по вопросам семьи и ее роли в воспитании ребенка.
Цель мероприятия: расширять представления о ценности «семьи» знания о семье, учить любить ее. Формировать взаимосвязь родительско-детских отношений, расширять представления об основах семьи, о тайне обретения священных качеств, о значении семейного учения; прививать понимание и уважение национального обряда, традиций, готовить к предстоящей жизни.


08.09.2023ж.«Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК –да 1 курс студенттерінің ата – аналарына жиналыс өткізілді. Жиналысты колледж директоры М.Джаксыкулова алғы сөзімен ашып, 2023-2024 оқу жылында алға қойған мақсаттары мен міндеттерін кеңінен баяндады. Жиналысқа Әл- Фараби АПБ- нің ювеналды полиция майоры Тоғаев Талғат Бақытжанұлы қатысып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын – алу шаралары бойынша тәрбиедегі қиындықты туғызатын бірқатар себептерді мысал ретінде келтіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті. Директордың ТІЖ орынбасары М. Омарова оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының мақсаты, оқыту процесі кезіндегі колледждің ішкі тәртіп ережесі, сондай-ақ студенттердің жаңа өмір жағдайына бейімделуіне байланысты колледждің педагог-психологі К.Абылкасымова психологиялық кеңес беріп өтті. Сонымен қатар, ата-аналарға қажетті мәліметтер беріліп, ата-аналарды толғандыратын көптеген сұрақтар аясында пікір алысты.


08.09.2023ж. «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да Құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмаған студенттердің арасында есірткі заттарды қолдану, тарату, қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында Директордың ТІЖ орынбасары М.Омарова және Шымкент КПД Әл- Фараби АПБ нің полиция майоры Тоғаев Талғат Бақытжанұлының қатысуымен «Құқық бұзушылық,қылмыс және жасөспірім» тақырыбында кездесу өтті. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастыру, жастарды қылмысқа жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажеттілігі басты назарға алынды.











