Салтанатты шара барысында «Тамақтандыру индустриясы және сервис» колледжінің халықаралық, республикалық, қалалық деңгейдегі жүлдегерлері мен конкурсанттарының шеруі өтті.
Атап айтсақ:
- "ДелаРук Алматы-2025" Мерейтойлық Халықаралық гастрономиялық фестивалі;
- "Taiqazan-2025" І Халықаралық фестивалі;
- «ASTAU FEST-2025» Халықаралық фестивалі ;
-Халықаралық гастрономиялық байқау GAME OF FOOD GASTRO ANTALYA (Түркия);
- «Дәмді Өзбекстан » халықаралық аспаздық чемпионаты (Ташкент);
- «Шоколатин» халықаралық іріктеу байқауы;
- WorldSkills Kazakhstan – 2025 республикалық чемпионатының жеңімпаздары марапатталды.
Колледжіміздің намысын қорғап, биік белестерден көрінген студенттер мен өндірістік оқыту шеберлерін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Құранбек Сәрсен Абайұлы арнайы марапаттап, алғыс білдірді.
Бұл – еңбек адамының беделі мен кәсіби шеберліктің жеңісі!














