2025 жылдың 1 желтоқсанында колледжімізде кәсіби шеберлік саласындағы жарқын жетістіктерге жеткен студенттер мен өндірістік оқыту шеберлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті!
Халықаралық, республикалық деңгейдегі байқауларда топ жарған жеңімпаздарымыз:
• Түркия мемлекетінің, Анталия қаласында өткен GAME OF FOOD GASTRO ANTALYA халықаралық гастрономиялық фестивалі;
• Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында өткен «Дәмді Өзбекстан» аспаздық чемпионаты;
• Шоколатин бойынша Әлем чемпионатына Орталық Азия іріктеу кезеңі – Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы.
Бұл байқауларда колледжіміздің студенттері мен шеберлері өз кәсібилігі мен шеберліктерін жоғары деңгейде дәлелдеп, еліміздің намысын абыроймен қорғап, алтын, күміс, қола медальдарға ие болды.
Бұл – колледжіміздің білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, халықаралық талаптарға сай маман даярлап жатқанын көрсететін жарқын дәлел.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas














