«Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» командасы Х Республикалық «WorldSkills Kazahkstan-2025» чемпионатында 4 құзыреттілік бойынша қатысып, тамаша нәтижелерге қол жеткізді. «Мейрамхана ісі» құзыреттілігінде эксперт Кансейтова Айнур мен студент Байназар Дастан, «Аспаз ісі» бойынша эксперт Алтынбек Қуаныш пен студент Буранов Тахир, «Кондитер ісі» саласында эксперт Реджаметова Дильбар мен студент Телегина Арина І орынға ие болды. Ал «Наубайхана ісі» бойынша эксперт Усманов Хабиб пен студент Ералхан Гульден ІІІ орын алды. Колледждің студенттері мен эксперттері осындай жетістіктерімен кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.

Описание изображения Описание изображения Описание изображения