"Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде 2025/2026 оқу жылының 25 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер әдістемелік бірлестігінің «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект сауаттылығын қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында өтетін онкүндіктің аясында 04.12.25ж. биология пәнінен Қарабаева Айнур Усеновна А1-25қ тобында «Жасуша органоидтарының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері» тақырыбында жоғары деңгейде ашық сабақ өткізді.
Сабақ мазмұны мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, ЖИ платформалары тиімді қолданылды. Интербелсенді «Сәйкестендір» әдісі арқылы студенттердің танымдық белсенділігі артып, жаңа материал жасушаның құрылымдық бөліктерін салыстырмалы түрде талдауға негізделді. Бұл студенттердің өз бетінше ойлауына, ғылыми көзқарас қалыптастыруына мүмкіндік берді. Сабақ барысында мадақтау, кері байланыс, өзін-өзі бағалау сияқты формативті бағалау тәсілдері сәтті жүзеге асты. Ашық сабақ студенттердің білімін тереңдетіп қана қоймай, шығармашылық ойлау, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға және өзара қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті. Айнур Усеновна, мазмұнды, нәтижелі әрі жаңашыл сабағыңыз үшін алғыс білдіреміз! Жасанды интеллектті тиімді қолдану тәжірибеңіз әріптестерге үлгі болды!

#ЖаратылыстануМатематикалықӘБ
#Әдістемелікбірлестік

Описание изображения