04.12.25ж. П7-25р тобында оқытушы Қадырбаева Жанар Кертаевна «Туындыны табу ережелері» тақырыбында жоғары деңгейде мазмұнды ашық сабақ өткізді. Сабақ тиімді ұйымдастырылып, мақсат-міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылды.
Оқытушы оқу материалын түсінікті тілмен жеткізіп, теорияны нақты мысалдармен ұштастырды. Студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған дәрістік және практикалық әдістер тиімді қолданылды. Практикалық тапсырмаларда талдау, салыстыру, креативті шешім табу секілді шығармашылық ойлау элементтері кеңінен қамтылды. Бұл студенттердің қызығушылығын арттырып, логикалық ойлауын дамытты.
Тәрбиелік маңызы: математикалық есептер арқылы білім алушылар ұқыптылыққа, дәлдікке, жауапкершілікке және жүйелі ойлауға тәрбиеленді.
Сабақ мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары, нәтижелі өтті.
Ұстазға кәсіби шеберлігі мен шығармашылық еңбегі үшін алғыс білдіреміз!
2025/2026 оқу жылының 25 қараша – 5 желтоқсан аралығында Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер әдістемелік бірлестігінің «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект-сауаттылықты қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері»
тақырыбындағы онкүндігі аясында өткізілді.
#ЖаратылыстануМатематикалықӘБ
#Әдістемелікбірлестік














