25.11.2025 ж «Педагогтарға әдістемелік сүйемелдеу, көмек көрсету» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Мақсаты:
• теориялық білімді тереңдету және бекіту;
• білімді тәжірибеде қолдану дағдысын қалыптастыру;
• тәжірибе арқылы кәсіби қолдау көрсету дағдысын дамыту.
Семинар-практикумның мазмұны:
1-бөлім. «Жас мамандарға оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы студенттердің білім сапасын арттыру» тақырыбында әдіскер К.Абылкасимова жас педагогтерге арналған заманауи оқыту тәсілдерін; сабақ құрылымын тиімді ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты;студенттердің белсенділігін арттыру жолдарын;тиімді кері байланыс беру әдістерін көрсетті.
2-бөлім. Skaffold құралдарын пайдаланып оқу сабақтарын жобалау» тақырыбында өткен практикум барысында бірқатар пән оқытушылары өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті. Тарих пәнінің оқытушылары Ғ.Ертаева және Г.Базарбай Skaffold технологиясын сабақ барысында қолданудың тиімді жолдарын көрсетті. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы А.Жақсыбаева пәннің ерекшелігін ескере отырып, Skaffold құралдарын қолданудың тиімді тұстарын көрсетті.
3-бөлім. «Цифрлық технологиялар нарығындағы жаңа тенденциялар» тақырыбында информатика пәнінің оқытушылары Ж.Қадырбаева және Ш.Ашурова оқытуға арналған жасанды ителлект жаңа цифрлық платформалар мен сервистерді таныстырып жұмыс істеуді практикада көрсетті.(Kahoot, Quizizz, Padlet, Edpuzzle, Canva, ChatGPT ) 4-бөлім «Финансовая грамотность: кредит друг или враг» тақырыбында оқытушыларға қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы пән оқытушысы Г.Абдуллаева таныстырып, қаржыны жоспарлау бойынша ұсыныстарды көрсетті.
Қорытынды:
• Әр бөлім бойынша ұсыныстарды жинақталды.
• Қатысушылардың идеялары талқыланды.
• Болашақ әдістемелік қолдау бағыттарын анықталып,кері байланыс орнатылды.

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения