Бірінші курс студенттері үшін "Мансап күні" аясында кәсіптік бағыттағы танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара аясында студенттер Шымкент қаласының ірі өндірістік кәсіпорындары – ТОО "Ладушки" және ТОО "Фиркан" мекемелерінде болып, жұмыс барысымен және заманауи өндіріс үрдістерімен танысты.
Экскурсия мақсаты – студенттердің таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыру, нағыз жұмыс орнында тағылымдамадан өту мүмкіндіктерімен таныстыру, болашақ маман ретінде бағыт-бағдар беру.
Студенттер өндірістің ішкі құрылымы, қызметкерлердің міндеттері, санитарлық нормалар мен технологиялық процестерді өз көздерімен көріп, тәжірибелі мамандармен сұхбаттасты.
Осындай кездесулер студенттерімізге болашаққа нақты қадам жасауға үлкен мотивация береді!














