«Менің мамандығым – менің болашағым» атты мамандыққа кіріспе іс-шарасы өтті!
🍹 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, «Бармен-бариста» біліктілігі бойынша 1-курс студенттеріне арналған танымдық мастер-класс ұйымдастырылды.
🎓 Тақырып: «Сусындар симфониясы»
Шеберлік сабағын өндірістік оқыту шебері Тұрарбек Алтынай Қалдыбайқызы жоғары кәсіби деңгейде өткізді. Іс-шара барысында студенттер әртүрлі салқын әрі ыстық сусындарды әзірлеу әдістерімен, сервировка ережелерімен, бариста жұмысының ерекшеліктерімен танысты.
🔹 Мақсаты – студенттерге өз мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қалыптастыру, алғашқы кәсіби қадамға шабыт беру.
👏 Жаңа бастама – жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Студенттер үшін бұл тәжірибе болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен мотивация болды!

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения