Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігі “Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті-2025” республикалық байқау жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті. Байқау нәтижесі бойынша 2600 студенттің ішінен Шымкент қаласы білім басқармасының "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің" студенті Рахмет Қуаныш Искахұлы Республикалық деңгейде жеңімпаз атанды. Байқау жеңімпаздарын ресми марапаттау 2025 жылғы 30 сәуір күні Астана қаласы Қазмедиа орталығының аймағында өтті. Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасының Оқу - ағарту министрі Ғ.Бейсембаев қатысты. Студенттің жетекшісі Омарова Мадина Камбаровнаны жеткен жетістігімен құттықтаймыз. Қолдау көрсеткен колледж ұжымына, студенттерге алғыс білдіреміз.