24.02.2025ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК студенттерімен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды» атты танымдық кездесу өтті. Құқықтық сауаттылық – әр азамат үшін маңызды!
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Арун-Рашидұлы Бейсенбаев пен Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Камилхан Бахтиярұлы Исмаилов қатысып, жастарға заң нормалары түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қылмыстың алдын алу және өз құқықтарын қорғау жолдары айтылды.
Сарапшылар жастар арасындағы құқық бұзушылықтар, интернеттегі алаяқтық, есірткіге қарсы күрес және заң алдындағы жауапкершілік туралы баяндады. Студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Кездесу ойын форматында қорытындыланып, жастар үшін пайдалы әрі қызықты өтті.
#shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие
#Отбасы_күні
#Біртұтас_тәрбиеШымкент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталы
Описание изображения Описание изображения