Техникалық білім – тұрақты болашақтың негізі. Техникалық білім беру мекемелері енді жастарды заман талабына сай жаңа дағдылармен қаруландырып, бәсекеге қабілетті маман болуына мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы техникалық және кәсіби мамандарға үлкен сұраныс туғызып отыр. Мұнай-газ, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT салаларында білікті жұмысшылардың жетіспеушілігі де байқалады.
Осыған орай мемлекеттік қолдау шаралары ұйымдастырылуда. 1. Мемлекет жұмысшы мамандықтары бойынша тегін білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуде.
2. Стипендия көлемін арттыру.Техникалық білім алып жатқан студенттердің әлеуметтік жағдайы жақсарады.
3. Заманауи инфрақұрылым: Колледждер мен кәсіби оқу орындары жаңа құралдармен жабдықталып, заманауи зертханалар ашылуда.
4. Кәсіби тәжірибе: Жұмыс берушілермен ынтымақтастық артып, студенттер нақты өндіріс орындарында тәжірибе жинақтайды.
"Жұмысшылар жылы" – тек қана мамандарды даярлау емес, қоғамның жұмысшы мамандықтарына деген көзқарасын өзгертудің үлкен мүмкіндігі. Техникалық білімге басымдық беру – әрбір қазақстандыққа тұрақты болашақ сыйлаудың маңызды қадамы.
Бұл бастама жастарды жігерлендіріп, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыруға жол ашады!
"Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК директоры М. А. Джаксыкулова














