24.11.2024ж «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК мекемесінің шақыртуымен "Sunkar Premium" психологы К.Ф.Пернебековнамен " Буллинг дегеніміз не? «Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында колледж студенттерімен кездесу өтті. Көрсетілген бейне роликпен презентация арқылы Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар екені айтылды. Қазіргі таңда әйелдер мен балалар арасындағы зорлық-зомбылық үлкен мәселеге айналып отыр. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Отбасы бұзылуының басты себептерінің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық болып табылады. Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, немесе ондай қауіп басыңызға төніп тұрғанын сезсеңіз, онда құқық қорғау органдарының көмегіне жүгініңіз. Қолданыстағы заңдар арқасында тұрмыстық зорлық-зомбылықты алғашқы кезеңінде алдын алуға болады.
#shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие
#Отбасы_күні
#Біртұтас_тәрбиеШымкент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталы