12.11.2024ж Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен нашақорлықтың алдын алу бағытында «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК студенттерінің арасында кездесу өтті.
Мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу.
Кездесуге Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Корганбаева Қарлығаш Кездесу барысында спикерлер нашақорлықтың адам өмірі мен денсаулығына кері әсері, есірткіге құмарлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы қажетті ақпараттар беріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды.
Сондай-ақ, жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.
#shym_birtutas
#біртұтас_тәрбие
#Отбасы_күні
#Біртұтас_тәрбиеШымкент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталы