Наурызнама күнтізбесі бойынша 22 наурыз – жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шара өтеді, стильді этноауыл мен түрлі жәрмеңке ұйымдастырылады. Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған мерекелік көрмеге колледжіміздің өндірістік оқыту шеберлері түрлі дәмдер ұсынды.