Ел ішінде өтетін кез-келген мереке ұлттық ойындарсыз өтпейді. Ең танымал спорттық шаралар, олар асық ату, бес асық, арқан тарту, бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, садақ тарту. Осы ойындар арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрлерімен де таныса алады. 20 наурызда Наурыз мейрамын тойлау аясында колледжімізді ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекелік іс-шара аясында асық ату, бес асық, арқан тартудан студенттер бақ сынасты.