Бугiн, 2024 жылдың 18 наурызында «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледж» Шымкент қаласы білім басқарманың бас маманы, Жанадилов Талғат Оразбекұлы “ЗАМАНАУИ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ” тақырыбында Шымкент қаласы прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, ұстаздар мен оқушыларға профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізді. Қала прокуратурасы мен Ішкі істер департаментінің арнайы бірлескен бейнеролигі көрсетілді. Көп жағдайда «телефон алаяқтары» азаматтарға несиені заңсыз ресімдеу әрекеттері туралы хабарлайды және күмәнді операцияны жою сылтауымен банк карталарының деректемелерін анықтайды немесе олар көрсеткен есеп айырысу шоттарына ақша аударуға сендіреді, бұл әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 190 – бабында көзделген қылмыс белгілеріне жататынын түсіндірді. Сонымен қатар, sms хабарламалар арқылы келіп түсетін дербес деректер мен кодтарды, телефонға бағдарламалар орнатуды, сондай-ақ жеке сипаттағы өзге де мәліметтерді хабарлауға болмайтыны оқушыларға, ұстаздарға және ата-аналарға түсіндірілді. Мұндай телефон қоңыраулар түскен кезде сөйлесуді дереу тоқтатып, полицияға хабарлау керек екенін ескертілді. Дәл осындай кәзіргі заманда ең керекті мәселенің бiрi "ғаламтордағы алаяқтық" тақырыптағы профилактикалық жұмыстарын ата- аналар арасында да жүргіземіз.