Шымкент қаласы білім басқармасының «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК «Жас маман» жобасының шеңберінде «Аспаз» құзыреттілігі бойынша халықаралық салалық аккредиттеу ресімін өткізу мақсатымен Франция мемлекетінің сарапшыларымен ынтымақтастық орнатуда. Ағымдағы жылдың 22-23 ақпаны аралығында колледждің материалдық-техникалық базасымен, оқу процесін жоспарлау құжаттарымен танысу аудитін Париждің Ұлттық білім саласы бойынша инспекторы Реда Фарах мырза жүргізді. Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі «Жас маман» жобасына 2021 жылы кірісіп, осы уақытта «Жол картасын», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының «Аспаз» біліктілігі бойынша білім беру бағдарламаларын Soprano Group (Финляндия) шетелдік серіктестердің материалдары негізінде әзірлеген. Сонымен қатар жоба шеңберінде құзыреттілік орталығын ұйымдастыру көзделіп, оның заманауи жабдықтарының тізімі әлеуметтік серіктестермен талқыланып, Индустриалдық кеңеспен бекітілді. Салалық аккредиттеу нәтижесімен стандарттары техникалық және кәсіптік білім беру мекмелерінің Soprano Group материалдары негізіндегі бағдарламалардың Еуропалық білім беру жүйесінің (EQAVET Framework) талаптарына сәйкестігі анықталады, осы бағытта талдау жұмыстарын жүргізу барысында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілік деңгейіне, білім алушылардың білім деңгейіне саралау жүргізіліп, білім беру мекемесі өзінің саласында сертификаттау құқығына ие болады. МЕЖДУНАРОДНАЯ АККРЕДИТАЦИЯ – ТРЕБОВАНИЕ ВРЕМЕНИ ГККП «Колледж индустрии питания и сервиса» Управление образования города Шымкент начинает сотрудничество с экспертами Франции с целью прохождения процедуры отраслевой аккредитации в соответствии с международными стандартами. Материально-техническая база колледжа в настоящее время оснащена самым современным оборудованием рамках проекта «Жас Маман», что достигается путем обновления образовательных программ и развития базы колледжа в соответствии с требованиями международных отраслевых стандартов. Сотрудничество началось с заявки на международную аккредитацию и подписания меморандума о сотрудничестве колледжа с представителем Франции - господином Реда Фарахом, инспектором профессионального образования Парижской международной аккредитационной академии. Международная аккредитация – это процедура оценки соответствия образовательных программ международным и европейским стандартам качества. Стандарты аккредитации разработаны в соответствии с требованиями международной отраслевой аккредитации технических и профессиональных организаций образования, представленной Soprano Group на основе европейской системы обеспечения качества (EQAVET Framework) как инструмента оценки, совершенствования и аккредитации образовательных программ в рамках проекта «Жас Маман». Процесс аккредитации предусматривает тестирование, анализ, обучение и аттестацию преподавателей, обновление и разработку образовательных программ в соответствии с действующими международными отраслевыми стандартами.