Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады, өкінішке орай кейбір жасөспірімдер құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән бере қоймайды. Студенттердің құқықтық білімдерін шыңдай отырып заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру мақсатында «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында төмендегі арнайы мамандардың қатысуымен кездесу өтті:
1.Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокуратурасының аға прокуроры Юсупов Закир Тагирович
2. Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ ЖПБ ЮПП аға инспекторы Ирисбеков Рахымжан
3. «Halifa Al-Nahaian Аgmeshiti» бірінші найб имамы Мусабек Актамберды
4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығы» мекемесінің юристі Шотбаевна Айгерим Торебековна және де осы мекеменің психологы Момбекова Эльмира Майлыбаевна.
5. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі: Моминова Гулчехра Октамбековна.
Бұл кездесуден студенттер жақсы әсер алып, заң аясында көптеген мағлұматтар алды. Арнайы мамандар «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ», «Қыз ғұмыры ұлт тағдыры» тақырыбында баяндама оқылды.