15.01.2021 ж. "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК ұжымымен ҚР Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласын талқылауға арналған онлайн конференция өткізілді. Колледждің тарих пәнінің оқытушылары Г.Б. Ертаева мен Г. А. Сейфолла Президенттің сөзіне сүйене отырып, Қазақстанның 30 жыл ішіндегі Тәуелсіздік жетістіктері мен оның төртінші онжылдықтағы болашақ дамуы туралы айтып берді: "Саяси және экономикалық реформалармен қатар біз рухани жаңғыруға ерекше назар аудардық. Осы жетістіктердің барлығы Елбасының көшбасшылығы, халқымыздың даналығы мен бірлігі, барлық отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды. Төртінші онжылдықтың басты мақсаттары-қуатты мемлекет және бәсекеге қабілетті ұлт".
Мақаланы талқылауға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. К. Омарова мен колледж оқытушылары белсенді қатысты.
Конференция барысында егемен мемлекет дамуының негізгі тарихи оқиғаларына қатысты презентациялар мен бейнелер көрсетілді.
 
15.01.2021 г. в ГККП « Колледж индустрии питания и сервиса» проведена онлайн конференция с коллективом, посвященная обсуждению статьи президента РК Касым- Жомарт Кемелулы Токаева « Независимость самое дорогое». Преподаватели Ертаева Г.Б и Сейфолла Г.А рассказали о достижениях Независимости Казахстана за 30 лет и о будущем ее развитии в четвертом десятилетии, основываясь на слова Президента: «Наряду с политическими и экономическими реформами мы уделяли особое внимание духовной модернизации. Все эти достижения стали возможны благодаря лидерству Елбасы, мудрости и единству нашего народа, кропотливому труду всех соотечественников. Главные цели четвертого десятилетия – сильное государство и конкурентоспособная нация».
В обсуждении статьи приняли активное участие заместитель директора по воспитательной работе Омарова М.К и преподаватели колледжа.
Во время конференции были продемонстрированы презентации и видео, касающиеся основных исторических событий развития суверенного государства.