«Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да белсенді студенттердің қатысуымен « Таза сессия» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Студенттер осы тақырып бойынша өз ойларын білдіріп, жастар комитетінің жұмысына идеялар ұсынды. Қатысқан студенттер «Таза сессия - таза білім!» тақырыбы бойынша туындаған сұрақтарды талқылады. Аталған іс-шара «Тамақ индустриясы және сервис колледжі» МКҚК- ның мәжіліс залында, белсенді студенттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның мүшелері болып табылатын ата-аналармен бірге ұйымдастырылып өткізілді. Оқытушылар мен іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылады. Колледж оқытушылары Г.Б.Ертаева мен Г.А.Сейфолланың осы тақырыпты баяндау кезінде, бейне материалдар көрсетілді. Іс-шара соңында студенттер мен ата-аналар өздерінің пікірлері мен тілектерін білдірді.
 
В ГККП « Колледж индустрии питания и сервиса» совместно со студентами- активистами и родителями, входящих в состав комиссии по антикоррупционной профилактике, организована и проведена встреча в конференцзале. Преподаватели и участники мероприятия обсудили вопросы предотвращения коррупционных действий . В ходе выступления преподавателей Г.Б Ертаевой и Г.А Сейфолла были продемонстрированы видеоматериалы, посвященные данной теме. В заключении мероприятия студенты и родители высказали свои мнения и пожелания.