2019 жылдың 14 қыркүйегінде Білім басқармасына қарасты №6 колледжде «Ана-өмір шуағы»тақырыбы бойынша, ата-аналардың қатысуымен өткен іс-шарамыздан естелік. Әрқашанда нәзік жанды әйел затын қастерлеген,шаңырақтың ұйтқысына,ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған, қасқырдың қайсар мінезін,жылқының жүйріктік һәм жатырға шаппас тектілігін,қыранның алғырлығын сынды асыл қасиеттерін сақтаған халықпыз.Осы іс-шараға орай біздің студенттеріміз анаға деген құрметін,жүрегінен шыққан махаббатын ерекше ықыласымен, өнер көрсетіп,тәнтті етті. ​

  

Шуақты күндеріміз​

Жиынымызға қатысқан колледжіміздің ата-аналар қауымы ерекше әсер алып,студенттерімізге ұйымдастырған іс-шарасына ризалығын білдіріп,ұстаздар қауымына «Ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз екенін мойындап,оларды білім нәрімен сусындатып,дұрыс бағыт-бағдар бергені үшін алғысын білдірді.Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында екені рас.