2019 жылдың 11 қыркүйегінде Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты № 6 колледжде білім алатын І курс студенттерімен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауаптылығы » тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Әл- Фараби әкімі аппаратының қызметкері Қасымхан Әбілқасым, Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Тоғаев Талғат, Шымкент «Адалдық алаңы» республикалық кеңсе, білім саласының менеджері Ковченко Святослав, Шымкент қаласы дін мәселелер зерттеу орталығының теолог маманы Тойшиев Нұртаза қатысып, қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, жастар арасында кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтану, колледж студенттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бағытында «Адалдық алаңы» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, лекция оқылды.