Іс-шара барысында 7–8 сынып оқушыларына «Құймақ әлемі» тақырыбында қызықты презентация ұсынылды. Оқушылар француз крептері мен америкалық pancake тағамдарының шығу тарихымен танысып, әлем халықтарының аспаздық мәдениеті туралы тың мәліметтер алды.
Сонымен қатар, қатысушылар үшін «Карамельден пішіндер жасау» тақырыбында мастер класс ұйымдастырылды. Мастер-класс барысында оқушылар карамельмен жұмыс істеу технологиясын көріп, одан түрлі сәндік элементтер жасаудың қыр-сырын меңгерді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар береді.









