«Қарым-қатынас мәдениетіндегі тәртіп пен жауапкершілік»
11.02.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде «САНАЛЫ ҰРПАҚ: ЗАҢ. ТӘРТІП. СЕНІМ» атты онкүндік жоспарға сәйкес «Қарым-қатынас мәдениетіндегі тәртіп пен жауапкершілік» тақырыбында топ сағаты өткізілді. Қарым-қатынас мәдениеті — адамның ішкі дүниесінің, тәрбиесінің, санасының айнасы. Адамның кім екені оның сөйлеген сөзінен, өзін ұстауынан, өзгелерге деген көзқарасынан бірден байқалады. Ал осы мәдениетті қалыптастыратын негізгі екі тірек — тәртіп пен жауапкершілік.
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#shymbirtutas