Бұл дайындық форматы колледжде сәтті жүзеге асырылуда және биыл эксперименттік бағдарлама бойынша оқудан өткен оқушы - студенттердің екінші шығарылымымен расталды. Мемлекеттік емтихан қорытынды кезең болды, онда білім алушылар кәсіби құзыреттіліктерді, практикалық дағдыларды игеру деңгейін және одан әрі оқыту мен еңбек қызметіне дайындығын көрсетті.
Емтиханды өткізу эксперименттік оқытудың тиімділігін, оның практикалық бағытын және оқушылардың ерте кәсіби бағдарлануына деген қажеттілігін растады. Колледж тамақтану және сервис саласы үшін кадрлар даярлаудың заманауи нысандарын енгізу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения