2026 жылдың 23 қаңтарында «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-да қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы К.Б. Қаражанова колледж кітапханашысымен бірлесіп, ғалым-педагог, ақын, балалар жазушысы Әдібай Табылдының 100 жылдығына орай 1- курс студенттері арасында "Балалар жүрегінің ақыны" атты әдеби іс-шара өткізді. Қ. Б. Қаражанова кездесуге қатысушыларға ақын, жазушы, балалар драматургі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың лауреаты Әдібай Табылдының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ, ғалымның "Халық тағылымы", "Тағылым", "Қазақ этнопедагогикасының әдіснамасы және мәдениеттану мәселелері" сияқты ғылыми-монографиялық еңбектерін жоғары оқу орындарының оқытушылары оқу-тәрбие процесінде кеңінен қолданатыны атап өтілді. Сонымен қатар, оның пьесалары Қазақстанның қуыршақ театрларының сахналарында, ал сатиралық туындылары республика театрларында қойылып келе жатқаны айтылды.
Іс-шараның мақсаты: қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Әдібай Табылды өмірімен және шығармашылығымен таныстыру, ақынның өмір жолы, еңбегі туралы түсінік беру, өскелең ұрпаққа өлеңдер мен әндерді насихаттау болып табылады.
23 января 2026 года в ГККП «Колледж индустрии питания и сервиса» преподаватель казахского языка и литературы Каражанова К.Б. совместно с библиотекой колледжа провели литературное мероприятие «Балалар жүрегінің ақыны» среди студентов первого курса, посвященное 100-летию творчеству ученого-педагога, поэта, детского писателя Адибая Табылдиева.
Каражанова К.Б. рассказала участникам встречи о жизни и творчестве поэта, писателя, детского драматурга, доктора педагогических наук, профессора, почётного работника сферы образования Республики Казахстан, лауреата премии имени Ы. Алтынсарина - Адибая Табылды. Также было отмечено, что научно-монографические труды учёного, такие как «Халық тағылымы», «Тағылым», «Методология казахской этнопедагогики и проблемы культурологии», широко используются преподавателями высших учебных заведений в учебно-воспитательном процессе. Кроме того, его пьесы ставятся на сценах кукольных театров Казахстана, а сатирические произведения в театрах республики. Цель мероприятия: познакомить с жизнью и творчеством выдающегося представителя казахской детской литературы, поэта Адибая Табылды, дать представление о жизненном пути поэта, его заслугах, популяризировать стихи и песни подрастающему поколению.
Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения