15.01.2026ж "Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК мекемесінде Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының "Жастар рестурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен, әл-Фараби ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры - Асқар Тұрдымұратұлы Әлімбеков пен Шымкент қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты - Нұрсұлтан Болатұлы Тұрсынбектің қатысуымен "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында танымдық кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: студенттерге есірткінің адам денсаулығына, өміріне және қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру, зиянды әдеттердің алдын алу туралы білімдерін арттыру, сондай-ақ жол жүру ережелерін сақтау арқылы жазатайым оқиғалардың алдын алудың маңызын ұғындыру, жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
#ЗаңменТәртіп
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#shymbirtutas
Описание изображения Описание изображения