2026 жылғы 13 қаңтарда колледждің конференц залында «Техникалық және кәсіптік білім беру педагогының кәсіби дамуы: заманауи әдістемелер және үздік тәжірибені тарату» тақырыбында педагогикалық оқу өткізілді.
Педагогикалық оқу барысында оқытушылар заманауи педагогикалық технологияларды қолдану тәжірибелерімен бөлісіп, оқу үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу жолдарын талқылады. Қатысушылар кәсіби дамудың негізгі бағыттарын айқындап, тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті..
Іс-шара нәтижесінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық әдістемелерді оқу процесіне енгізу және үздік тәжірибені жүйелі түрде тарату қажеттілігі анықталды. Педагогикалық оқу өз мақсатына жетіп, мазмұнды әрі нәтижелі өтті деп бағаланды..
Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения