Топтық жұмыс, берілген тапсырмалар және сұрақ-жауап әдістері тиімді қолданылды. Студенттер қызығушылық танытып, өз ойларын еркін білдірді, тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады.
Оқытушы материалды логикалық, жүйелі түрде түсіндіріп, Шыңғыс ханның тарихи рөлі мен ұлыстардың құрылуын слайдтар, карталар арқылы көрсетті. Сабақта тиімді тәсілдер қолданып, тарихи материалды терең меңгертіп, тарихи дүниелерді көрсету арқылы ой бөлісті. Сабақта ЖИ платформалары кеңінен қолданып, интербелсенді әдістер: «Сәйкестендір», тарихи реквизиттерді ұтымды қолданды. Сабақтың атмосферасы жағымды, студенттердің тапсырмаларды орындау қарқыны жақсы болды. Сабақ мақсатына толықтай жетті. Сабақ барысында оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынастың өте жақсы жолға қойылғаны байқалды. Жалпы, сабақ мазмұнды, нәтижелі және әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған ашық сабақ болды. Гульмира Аменовна ашық сабағыңыз үшін Рахмет!
#Қоғамдықбірлестік
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas









