Оқытушылар платформаларды презентациялар, веб-сайттар құру, материалдар мен тестілерді орналастыру, тапсырмалар мен студенттердің білімін бақылау, чаттар, форумдар арқылы байланыс жасау үшін пайдаланады, ал студенттер кез-келген уақытта және кез-келген жерде материалдарға ыңғайлы қол жеткізе алады, тапсырмада өз бетінше жұмыс жасау арқылы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын және бірлескен жобаларға қатысумен дамытады.
Әр студент өз платформасын ұсынды.
№А15-24қ - Әбілқасым Аяна тобының студенті- Сommissoft кондитерлік өндіріс платформасы.
№К24-24қ - Байназар Дастан тобының студенті -Notion бағдарламасы.
А16-24қ - Олжабай Аружан тобының студенті- Baamboozly бағдарламасы.
К28-24қ - Зарипбаева Ханайым тобының студенті- Chat Jpt жасанды интеллект бағдарламасы.
K43-24р - Хидирова Луиза тобының студенті - Gamma app бағдарламасы.
К23-24қ -Тұрсынбек Қарақат тобының студенті-Napkin AI бағдарламасы.
Қызықты, ғылыми, дамытушы және танымдық болды! Көкжиегін кеңейтті, жасанды интеллект көмегімен білім беру платформаларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Барлық студенттер алғыс хат пен ынталандыру сыйлықтарын алды! Барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға рахмет!









