Бүгін арнайы пәндер ашық сабақтарды өткізу жоспары бойынша Педагог-модератор Тұрғара Жанар Бектөреқызы «Шоколадты қыздыру процесін меңгеру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Тақырып толығымен ашылды, сабақ өте жақсы өтті, студенттер сабаққа белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді, тапсырмаларды орындап, топпен жұмыс жасады. Интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана алды. Тақырыпқа қатысты слайдтарды, технологиялық сызбалар мен карталарды сабақ барысында пайдаланды, оқулықтардан шоколадты қыздырудың технологиялық процесстерін көрсетті, тест сұрақтарын студенттердің білімін анықтау үшін қойылды, бейнероликті көрсетті. Quiziz бағдарламасын сабақты бекіту үшін пайдаланды.