2025 жылдың 17 қазанында «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК арнайы пән оқытушы Симова Бану Шамшидиновна «Бутербродтар, салаттар дайындау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы барлық міндеттерге қол жеткізді, құрылымы жүйелі ұйымдастырылды, өзін-өзі ұстауы, балалармен қарым-қатынасын өте жақсы қөрсетті.
Сабақ барысында студенттер тапсырмалар орындауда өте белсенді болды, кері байланыс құралдары қолданылды: ауызша жауаптар, топтық талқылау, интернет қосымшалары Heйpo, Gemini, Baamboozly, Canva, Padlet тақтасы, Gamma.app бағдарламалары студенттерге жас ерекшеліктеріне сай таңдалды және пайдаланды.Сабақ өте жоғары дәрежеде өтті, мақсатына жетті.