Бүгін арнайы пән оқытушысы Баймұратова Күлайзат Қойлыбаевна «Бисквит қамырын илеу, пішіндеу және пісіру процессін негізгі және салқын «буше» әдісімен меңгеру» тақырыбында лабараториялық ашық сабақ өткізді. Сабақ мазмұны мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкес. Сабақты BOPPPS моделін қолдана отырып жоспарлаған. Күлайзат Қойлыбаевна сабақты жақсы ұйымдастыра білді. Жаңа тақырыпты меңгеру кезінде оқытушының жалпы аудиторияны басқаруы, студенттерге топтық оқыту туралы ойлануға және талқылауға уақыт беруі, кері байланыс жасау мүмкіндігінің беруі , соңында қателермен талдау барлығы оқытушының педагогикалық шеберлігінің жоғары екенін көрсетті.
Сабақ барысында студенттердің пәнге деген қызығушылығы басым екені байқалды. Ең маңызды талаптардың бірі студенттердің өз мамандығын терең білсем деген талпынулары және студенттердің өз бетінше жұмысын ұйымдастыра білуі олардың үш тілде сабақ айтуы тіптен керемет болды.
Арнайы пән оқытушысы Баймұратова Күлайзат Қойлыбаевнаға BOPPPS әдісінің барлық мүмкіншілігін қарастыра отырып жақсы лабароториялық сабақ ұсынған әріптесімізге рахмет!

Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения