"Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі" МКҚК әкімшілігі ""Білімді ұлт" Сапалы білім беру" ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 9 сынып түлектерін тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамтуды 100% ұлғайту тапсырмасы негізінде 23.04.2024ж кәсіби бағдар беруге бағытталған "Ашық есік күні" өтті. Іс –шара барысында мектеп окушылары колледждің материалдық-техникалық базасымен жетістіктерімен танысты.Мамандыққа байланысты ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Оқуға ынтасы бар талапкерлер өз өтініштерін білдірді.