05.04.2024 ж «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МКҚК-ның 1 курс студенттері Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп отырып «Жастар салауатты өмірді қолдайды» ұранымен өткен 7 сәуір -Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысты.
Акцияның мақсаты-жастардың назарын белсенді өмір сүруге аударып,денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау,түрлі зиянды тағамдар мен сусындардан,алкогольді ішімдіктерден бас тартуға,түрлі зиянды әдеттерден,зорлық-зомбылықтың алдын алуға және салауатты өмір сүруге шақыру.