03.04.2024 жылы Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі МКҚК-да 1-2 курс студенттері арасында «Қыздар кеңесі» өткізілді. Кездесудің мақсаты: қыз баланың өсіп жетілуіне және бойынан табылуы тиіс қасиеттері жайында сөз қозғау, бойжеткеннің табиғатына тән қасиеттерін сақтап, өз орынын таба білуіне жәрдем беру, сырласу.
Қыздар кеңесінде колледжіміздің педагог-психологы К.Абылкасимова және әлеуметтік педагог Ж.Куватова, сонымен қатар колледждің «Өзін-өзі басқару ұйымының» мүшелері сөз сөйлеп, қыз балдарымызға дұрыс бағыт-бағдар беруге көмектесті.
Кездесу барысында:
- Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу. - Ерте жүктіліктің алдын алу, қыз баланың организмі, гигиеналық тазалық, шаш,тырнақ, тері күтімінің , тамақтану режимі, ұйқы режимі, салауатты өмір салтын ұстану жөнінде көптеген кеңестер берілді.
- Басқосу ашық форматта өтіп, өздерін ойландырып жүрген сұрақтарын ортаға салуға мүмкіндік бере отырып, кәмелет жасына толмаған қыздардың аяғын андап басудың басты алғышарттарымен таныстырды. Ерте жастағы жүктіліктің ең алдымен денсаулығына кесірін тигізсе, болашағына балта шабатындығы жайлы шағын видеоролик көрсетілді.