Білім басқармасына қарасты № 6 колледж студенттері 2020 жылдың 24. қаңтар күні А.С. Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтетін «Өлкеміздің дара тұлғалары» жобасы аясында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұттың жаңадан жарыққа шыққан жеті томдық шығармалар жинағының түсау кесер рәсіміне арналған «Қаламгердің көркемдік құпиясы» атты кездесу кешінің хабарландыруын оқып, колледждің белсенді еріктілер қатарындағы студенттері қызу тірлікке кірісіп кетті. 75 жасқа қадам басқан қаламгер ағамызға қос қуаныштың қатар келуіне орай оқырмандары ретінде торттың пішінін қалың кітап ретінде жасап, қыл қаламының сиясы таусылмасын деген ниетпен мастикадан үкілі қаламды бейнелеп , ағамыздың кешіне арнаған арнауынан бастап, өз қолдарымен жасаған торттарын жазушыға деген құрметті білдіру мақсатында әкеп табыстады. Кешті ұйымдастырған кітапхана қызметкерлеріне үлкен алғыс білдіреміз. Керемет әсермен оралдық.